Мың асқанға – бір тосқан
Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:31
Мальта соты Рахат Әлиевтің жылжымайтын мүліктеріне тыйым салды
Осы уақытқа дейін отқа салса күймей, суға салса батпай келген әйгілі Рахат Әлиевті шырылдап туғанында алған ата-тегін күрт өзгертіп жіберіп, әйелінің фамилиясына көшіп (о, тоба!) аяқ астынан Шораз болып шыға келгеніне, Австриядан қашып, Мальтаға барып паналағанына қарамастан, тиесілі жазасы қуалап жүріп тауып алды.
Forbes.kz басылымының дерегіне қарағанда, арал-мемлекеттің қылмыстық сотының судьясы, доктор Майкл Малья 6 маусымда шешім шығарып, оны 7-сінде жариялаған.
Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:31
Мальта соты Рахат Әлиевтің жылжымайтын мүліктеріне тыйым салды
Осы уақытқа дейін отқа салса күймей, суға салса батпай келген әйгілі Рахат Әлиевті шырылдап туғанында алған ата-тегін күрт өзгертіп жіберіп, әйелінің фамилиясына көшіп (о, тоба!) аяқ астынан Шораз болып шыға келгеніне, Австриядан қашып, Мальтаға барып паналағанына қарамастан, тиесілі жазасы қуалап жүріп тауып алды.
Forbes.kz басылымының дерегіне қарағанда, арал-мемлекеттің қылмыстық сотының судьясы, доктор Майкл Малья 6 маусымда шешім шығарып, оны 7-сінде жариялаған. Шешімге сай Рахат Әлиевтен (істе ол Шораз ретінде көрінеді) сыртқа кетіп қалмау туралы қолхат алынып, өзі мен әйелі Эльнара Шоразованың және қызы Анжелика Джулиана Шораздың Мальта жеріндегі барлық мүліктеріне, сондай-ақ екі компания мен бір басқарушыдағы шоттарына тыйым салынған. Бұған қылмыстық жолмен алынған қаржыларды қолма-қол ақшаға айналдыру жөніндегі күдік себеп болған. Осыған сәйкес екі банкке олардың шоттарын ашып беру және тоқтатып қою жөнінде ұйғарым тапсырылған. Судьяның шешімінде банктердің аттары атап көрсетілген. Бұл ақпар Рахат Әлиевтің әрекеттерінен зардап шеккен кісілердің мүдделерін қорғауды жүзеге асырып жүрген Берлиндегі DSRB (Danckert Spiller Richter Bärlein) адвокаттар кеңсесіне жақын дереккөздер арқылы белгілі болып отыр.
Сот сондай-ақ арал-мемлекеттегі көлік әкімгершілігіне соттың қаулысында атап көрсетілген адамдардың меншіктеріндегі автомобиль, яхта, ұшақ секілді жылжымалы құралдарды бақылауға алып, олардың Мальта жерінен кетіп қалуына жол бермеу тапсырылды. Бұлардың бәрін елден шығаруға тыйым салынды. Егер қазір елде болмай қалса, оларға іздеу жариялау бас прокуратураға жүктеледі.
Сонымен бірге, бұл отбасында қандай көліктердің бар екені де белгілі. Айталық, бұрын «Алессандра» аталған яхта қазір бұл жұптың 2010 жылғы 24 шілдеде туған қызы Анжелика Джулиана Шораздың құрметіне «Джулиана» деп аталады.
Соттың қаулысында атап көрсетілген екі компания яхтаның иелері болып табылады. Су көлігін де солар пайдаланады. Ал компаниялардың өздерінің иелері ретінде қолдан белгіленіп қойылған жалған біреулер көрсетілген. Олардың арттарында кімнің тұрғанын енді сот анықтайтын болады. Мальта заңына сәйкес, соттың қаулысында атап көрсетілген адамдардың барлығы 24 сағаттың ішінде өздерінің активтерін (меншіктеріндегі мүліктерін) толық ашып беруге тиіс.
Рахат Әлиев бастаған топтың заңсыз алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру операциясымен айналысқан күдікті екені туралы шағымды Мальта бас прокуратурасына немістің DSRB (Danckert Spiller Richter Bärlein) адвокаттар кеңсесі 2013 жылдың басында түсірді. Доктор Данкерт пен оның әріптестері бұл шағымды ГФР-де қылмыстық сызба арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған Рахат Әлиевтің, Эльнара Шоразованың және келіншектің қазір Әбуұлы деген атты жамылып жүрген әкесінің Мальтада тұрып жатқандары белгілі болғаннан кейін жазған.
Неміс адвокаттары бүгінде Қазақстан билігінің мандаты бойынша жұмыс жасап жатыр. Осы орайда ГФР-де топ құрып, ақшаны «айдап шығудың» ошағы болған Крефельдтегі (Солтүстік Рейн-Вестфалия жері) металл өңдеуші «Metalwerke Bender Reinland GmbH» компаниясына тергеушілердің назарын аударды.
Адвокаттар бұл компанияға жасанды фирмалардан миллиондаған доллар ақша түсіп тұрған, олардың бәрі сосын Әлиев пен Шоразованың шоттарына аударылған деп есептейді. Бұл ақшаларға олар Мальтада жылжымайтын мүліктер, яхта сатып алып, аралдағы ықпалды кәсіпкерлермен тең дәрежелі әріптестер ретінде жергілікті бизнеске ақша құйылымын жасай бастаған.
Алайда, қазір белгілі болғандай, бұл шалқу мен шарықтаудың адымы тым қысқа болды. Қазақстандағы мүдделі адамдардың дауын даулап жүрген неміс адвокаттарының табандылықтары арқасында Әлиев-Шораздың қитұрқы әрекеттерінің бәрі ашылып қалды. Осыған көз жеткізген Мальта қылмыстық соты да енді бұл істен бір адым да кейін шегінгісі келіп отырған жоқ.
Қазақтың «мың асқанға – бір тосқан» сөзінің салмағы енді шындық жүзінде көріне бастады.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.