Президент • 07 Шілде, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Домбыра күніне арналған мерекелік концертке қатысты

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Домбыра күніне арналған мерекелік концертке қатысты

Ерлан ОМАР

«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңдағы сахнада бір мыңнан астам домбырашы  «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көреғұлы» күйлерін орындап жатыр.

Сонымен қатар, «Жастар» театрының актерлері тарихи қойылымын ұсынады, елордалық музыка мектептерінің шәкірттері өнерлерін ортаға салады, ақындар айтысы өтеді. Суырып салма өлеңге ысылған жандар ұлттық музыкалық аспабымыз - домбыраны жырға қосады.

«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда киіз үйлер тігіліп, қазақ ауылы орын тепкен. Келушілер домбыраның және басқа да ұлттық аспаптардың түр-түрімен танысуға мүмкіндіктері бар. Мереке кешке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда «Нағыз қазақ - домбыра» концертімен жалғасады. Сахна төрінде Қазақ оркестрі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының солистері мен вокалистері өнер көрсетеді. Концерттің басталуы - сағат 18.00-де. Кіру - тегін. 

Айта кетейік, былтыр Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды.