Достық үйінің ұжымы атынан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірі бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев сөз алып, ағалық тілегін, қазақы ықыласын да білдіре келе, өз қолымен қазақтың қасиетті домбырасын ұсынды. Орал Шәріпбаевтың қолынан домбыра алғанына қуанған жас ана ризашылығын білдірді.
- Біз бұндай шараларды жиі ұйымдастырамыз,-деді мекеме директорының орынбасары Анаргүл Даннанова,-Наурызға, Балаларды қорғау күніне, 8 наурыз, Президент күніне орайластыра құттықтап жатамыз. Бүгін Домбыра күніне орай д арнайы акция ұйымдастырдық. Аналарға сый-сыяпаттар көрсеттік. Альмираның ұлы таңғы 05.40-та дүниеге келеді. Оған баланың төсегін сыйға тарттық. Ұлының денсаулығы құдайға шүкір жақсы.
Бұл Альмира Рахметжанованың төртінші баласы екен. Ол болашақта ұлының заң саласында қызмет еткенін, судья болуын қалайды. Сондықтан оған Заңғар деп ат қойыпты. Перинатальды орталық қызметкерлері мен Достық үйінің өкілдері Заңғардың аман-есен үлкен азамат болып өсуін, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуін тіледі.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
«Еgemen Qazaqstan»
СЕМЕЙ