Президент • 07 Шілде, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды

526 реткөрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының бас алаңында биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл мейрамды руханиятқа деген зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсіну керек екенін айтты.

– Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратынына сенім білдірді.

– «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Әлқисса» күйлері – ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бүгінде домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра саналатынын және рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы екенін атап өтті. Сондықтан, бұл ұлттық өнерді кеңірек насихаттауға шақырды.

– «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қазақстан Президенті төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекеттің айрықша назарында болатынын айтты.

«Қазақ елі» монументі алаңында өткен ұлттық руханиятымызды дәріптейтін концерт барысында мыңнан астам өнерпаз бір оркестрдей домбырамен қазақтың белгілі күйлерін орындады.

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар