Саясат • 07 Шілде, 2019

Е.Мұхамеджан әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпаратқа байланысты пікір білдірді

1067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан фейсбук парақшасында жазды.

Е.Мұхамеджан әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпаратқа байланысты пікір білдірді


"Құрметті білім саласына бейжай қарамайтын азаматтар. Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше FAKE NEWS (жалған ақпарат) таралып жатыр. Тіпті қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20%-ға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын. Бірақ, бір мәселені түсінуіміз керек. Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, соның көбі жекеменшік, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды. Бірақ, ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді", делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайды деп жазды ол.
"Біраз ЖОО-дарында осы жылғы оқу ақысы, керісінше, арзандады. Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті. Тек кейбір ЖОО-дары оқу ақысын шамамен 4-8%-ға арттырды. (Оқу ақысын арттырған ЖОО-дары: ЖМУ - 4%, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - 8-10%, Каспий қоғамдық университеті - 10%, Абай атындағы ҚазҰПУ - 1-2%, ХҚТУ - 8%, Қарағанды медициналық университеті - 3%, ҚазҰҚПУ - 7%). Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес. Көптеген ЖОО-дары оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және т.б.", делінген ақпаратта.