Спорт • 09 Шілде, 2019

«Jekpe-Jek» сарайы ашылды

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Jekpe-Jek» сарайының ашылу рәсіміне қатысты.

«Jekpe-Jek» сарайы ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді. Елорданың өзге ғимараттары секілді бұл нысан да ерекше. «Jekpe-Jek» сарайында балалармен қатар, ересектер де жаттыға алады. Бұған қоса «Jekpe-Jek» сарайы спортшыларды дайындауға бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған. Ал спорт залына 5 мың көрермен сыяды. Спорт кешенінде 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен мини-футбол алаңы да бар. 

Сондай-ақ Қазақстан Пре­зи­денті Жастар жылын атап өту аясында «Jekpe-Jek» сарайында елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестиваліне қатысты. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Жарыстың ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа нысанның ел спортын дамытудағы маңызына тоқ­талды. «Jekpe-Jek» сарайы мем­лекетіміздің тікелей қолдауымен қамқорлығының арқасында ашылды. Елімізде денешы­нықтыру және спорттың дамуы­на барлық жағдай жа­сал­ғанын айтты. «Бұл сала бүгінгі таңда маңызды әлеуметтік-эконо­ми­калық сала ретінде аяғынан нық тұрды деп айтуға  болады. Осы сөзімнің айқын дәлелі – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған бүгінде есігін бірінші рет айқара ашып отырған «Jekpe-Jek» сарайы құтты болсын!», деді министр. 

«Jekpe-Jek» спорт кеше­ні халықаралық спорт федера­ция­ларының талаптарына сай салы­нып, құрылыс кезінде қуат үнем­деу жүйесі, желдету мен жарық тү­сіру мәселелері ескеріліп, тың инновациялық инженерлік ше­шімдер қабылданған. Ғимараттың үшбұрышты пішімі Қазақстанның еркіндігі мен қуатының символына айналған бүркіттің көкке қанат қаққан сәтін бейнелейді.


Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50