Саясат • 09 Шілде, 2019

Арыста 434 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді - ҚР ИИДМ

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыста 434 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді - ҚР ИИДМ

2019 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысының Арыс қаласында 434 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауқымды жұмыстарға тағы 41 құрылыс компаниясы қосылды. Бүгінгі таңда тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына 191 ұйым тартылған. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше, қазір 4 мыңнан астам құрылысшы және 185 бірлік арнайы техника 2642 жеке тұрғын үй құрылысы нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіріп жатыр. 

Еске салайық, Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, әрбір өңірге және республикалық маңызы бар қалаға бекітілген болатын. 2019 жылы 6 шілде күні ҚР Премьер-Министрінің Орынсбасары Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің, әкімдіктердің өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, жауапты тұлғалардан қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді сұрады. 

Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық зақымданған және қираған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы керек. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын үйлерге мониторинг жасалып, құрылыс барысына бақылау жүргізіледі.