Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Перзентханадағы домбыра үні

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда былтырдан бері аталып өте бастаған Ұлттық домбыра күніне орай Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық перинаталды орталығында ерекше шара өтті. Ба­тыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассам­блеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Қасиетті домбыра» акциясында перзентханада дәл осы күні жас босанған 17 анаға домбыра сыйға тартылды.

Перзентханадағы домбыра үні

– Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассам­блеясы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және БҚО әкімі аппаратының «Қоғам­дық келісім» мекемесі өткіз­ген бұл шараның мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы – дом­быраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және өркендету идеясының айналасына қоғамды одан әрі біріктіру, халықтың дәстүріне және ұлттық домбыраға құр­метті көтермелеу, – дейді БҚО ҚХА төрағасының орын­­­­басары, хатшылық мең­ге­ру­шісі Ғайса Қапақов.

Аталған шараға өңірдегі этномәдени бірлестік төраға-л­а­ры мен өкілдері де қатысты. Ассамблея мүшелері жарық дүниеге перзент әкеліп, адам­заттың ұлы миссиясын ат­қарған асыл аналар алдында домбырамен əуелетіп ән салып, шағын концерт қойып берді. Аналар алдында сөз алған Ғайса Қапақов бүгінгі мерекенің маңызын түсіндіріп, киелі өнер ұрпаққа мирас болып қалатынын айтты. 17 ананың құшағы гүлмен көмкеріліп, перзенттерінің құлағына қасиетті домбыра үні сіңетін болды.

Жалпы, Ақжайық өңірін­де Домбыра күні жақсы ұлық­­талады. Былтыр Орал қала­­сында бір мезетте 1700 дом­бырашы қатысқан аламан шоу өткізіліп, рекорд жа­салған болатын. Ол нәти­же Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді. Биыл да батысқазақстандықтар өңірдің әр жерінде ұлттық ас­паптың мерейін көтерер шара­лар өткізуде. Мәселен, Бәй­терек ауда­нының орталығы Пе­ре­метный ауылында «Дом­быра – дастан» салтанатты ша­расына 150 домбырашы қа­тысып, күй әуелеткен.


Батыс Қазақстан облысы