Әлем • 10 Шілде, 2019

Франция әуе билеттеріне салық енгізеді

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француз билігі экологияны қорғау жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында әуе билеттеріне экологиялық салық енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Франция әуе билеттеріне салық енгізеді

Францияда келесі жылдан бастап жаңа экологиялық салық енгізіледі. Елден ұшып шығатын әрбір рейс билетінен тіркелген сома алынатын болады. Еуропалық Одақ аумағында эконом класспен ұшатын жолаушылар - 1,5 еуро,  бизнес класспен ұшатындар - 9 еуродан төлейді. Ал Еуроодақтан тыс жерлерге баратындар үшін салық мөлшері 3 және 18 еуроны құрайды. Айта кету керек, бұл шара транзиттік рейстерге қолданылмайды.

Келесі жылы жаңа енгізілген салық есебінен 180 миллион еуродан астам қаржы жиналады деп күтілуде. Аталған қаржы қоршаған ортаға зиян келтіретін көлік инфрақұрылымы мен темір жолдарды дамытуға бағытталатын болады. Франция жаңа қабылданған экологиялық салықты Еуроодақтың басқа елдеріне де енгізуге ниетті.