Өнеркәсіпте тұрақты өсу бар
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:33
Таяуда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады министрліктің ақпарат басқармасы. Оған Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары және Парламент депутаттары шақырылды.
Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасады.
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:33
Таяуда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады министрліктің ақпарат басқармасы. Оған Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары және Парламент депутаттары шақырылды.
Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасады.
Күн тәртібінде өткен жылғы ИЖТМ жұмысының қорытындысы және 2013 жылға арналған міндеттер, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың қызметі және 2013 жылға арналған басымдықты міндеттер туралы мәселелер қаралды.
2012 жылы өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты өсу қарқыны жалғасты. Өсім, әсіресе, машина жасау саласында (16,2%), өзге де металл емес минералды өнім өндірісінде (10,6%), жеңіл өнеркәсіпте (8,3%), химия өнеркәсібінде (5,9%), фармацевтика өнеркәсібінде (5,6%) байқалады. Өңдеуші өнеркәсіптің белсенді дамуы тұтастай алғанда барлық өнеркәсіптің 0,5% өсуін қамтамасыз етті. Тау-кен өндіру секторында өсім 0,2% құрады. Уран өндіру көлемі 21242 тоннаны құрады, ол өткен жылдың көлемінен 9%-ға артты.
Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,4 есе ұлғайды. Мәселен, машина жасаудағы еңбек өнімділігі шамамен – 2, өзге де металл емес минералды өнім шығару – 1,9, металлургия – 1,9, химия – 1,8, жеңіл өнеркәсіп – 1,3, фармацевтика өнеркәсібі 1,3 есе артты.
1993 жылдан бастап 2012 жылғы 30 қыркүйек аралығында ел экономикасына 165,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. 2012 жылдың 9 айында ол 17 млрд. АҚШ долларын құрады.
2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 313 млрд. теңгенің 162 жобасы іске асырылды. 2012 жыл үшін Статистика агенттігінің деректері бойынша пайдалануға берілген жобалар 913 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарды немесе өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 5,5%-ын құрады. Өңдеуші өнеркәсіптегі үлес 8%-ды (5,2 трлн. теңгеден 421,5 млрд. теңге) құрады.
2012 жылы технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша 20 жоба іріктелді. Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы ҒЗИ және университеттер жанында 15 коммерцияландыру офистері және Алматы мен Қарағанды қалаларында 2 өңірлік коммерцияландыру орталығы құрылды.
Барлығы 2012 жылы коммерцияландыруға арналған жобалар бойынша 148 өтінім келіп түсті, оның ішінде, тұжырымдаманы негіздеуге 38 жоба, одан әрі коммерцияландыру үшін 20 жоба іріктелді.
Елімізде 6 қазақстандық және 5 шетелдік венчурлік қор жұмыс істейді. ТМД аумағында алғаш рет «Адвант» және «Almaty Venture Capital» венчурлік қорларына мемлекеттік инвестицияларды табысты қайтару жүзеге асырылды. Жалпы пайда – 58,2 млн. теңге.
Электр энергиясын өндіру 90,2 млрд.кВт/сағ. (104,6%), тұтыну 91,4 млрд. кВт/сағ. (103,7%) құрады. Электр энергиясының импорты 2,56 млрд. кВт/сағ., экспорт – 1,36 млрд. кВт/сағ. құрады.
Энергияның жаңғыртылатын көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 2011 жылы 0,42 млрд.кВт/сағаттан 0,45 млрд.кВт/сағатқа (106,4%) дейін артты.
ҮИИМДБ шеңберінде іске асыруға жоспарланған 13 жобадан өткен 3 жыл үшін 7 жоба пайдалануға берілді. Олардың ішінде, өткен жылы Мойнақ ГЭС (300 МВт), Ақшабұлақ кен орнындағы ГЖЭС (87 МВт), Екібастұз ГРЭС-1-дің № 8 энергоблогы (500 МВт) қалпына келтірілді.
2009 жылдан бастап электр энергетикасындағы тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілді. Баға белгілеудің жаңа тетігі нәтижесінде («шекті тарифтер») 2009-2012 жылдары энергия генерацияланатын қуаттылықтарды қалпына келтіруге, қайта жаңғыртуға және жаңғыртуға арналған жалпы сома 501,745 млрд. теңгені құрады. Шекті тарифтер шеңберінде 1250 МВт енгізілді. 2012 жылы 34 энергия өндіретін ұйымдар жаңғырту жұмыстарына 184 млрд. теңге инвестиция салды.
2012 жылы көмір өндіру компаниялары 114,3 млн. тонна көмір өндірді. Ішкі рынокқа 77,3 млн. тонна, экспортқа 32,8 млн. тонна жеткізілді. Қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген көмірдің жалпы көлемінен 73,2 % немесе 56,5 млн. тонна энергия өндіретін кәсіпорындарға жөнелтілді.
«Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. 2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда.
Энергия үнемдеу саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтары құрылған. Қазірдің өзінде ел кәсіпорындарының 500-ден астам мамандары оқытудан өтті.
Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамуда. Мәселен, ГФР, АҚШ, Жапония, Норвегия және Нидерланд королдіктері үкіметтерімен келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды және олар іске асырылуда.
Энергия аудитпен, энергия менеджмент жүйесін енгізумен, консалтингтік қызметтермен, инвестицияларды тартумен айналысатын болатын, Қазақстан-Германия энергия тиімділігі орталығы құрылған.
Сөзінің соңында Вице-премьер тұтастай алғанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және ІЖӨ-нің 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету үшін министрлік жетекшілік ететін салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінен қажетті шараларды қабылдау қажет, деп атап өтті.