Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Қазақ ауылын дәріптеген жоба

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножоба қолға алынған болатын.

Қазақ ауылын дәріптеген жоба

 Аталған бастама көне шаһарда елорда күніне орай ары қарай жалғасын тауып, тараздық тұрғындарды «Төрткүл» кешеніне тағы да шақырды. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында мұнда «Қазақ ауылы» этножобасы құрылып, көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту мақсатында көпшілікке терең мағлұматтар берді. Ұлттық-мәдени кешенде қала тұрғын­дары мен қонақтары қазақ халқының бай тари­хымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен танысты. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасын сезініп, ауылдың күнделікті және мерекелік өміріне көз жүгірте алады.

Сонымен қатар этноауылда қазақ музы­калық және театр өнерінің фестиваль­дары, қолөнер шеберлерінің шеберлік сынып­тары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көр­кемөнер көрмелері, этностық музыка­лық фестивальдар, ұлттық спорт түрлері­нен де жарыстар өтті. Жиынға Жамбыл облыстық туризм басқармасының және «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталы­ғы­ның қызмет­керлері, облыстың қолөнер­ші­лері мен «Асыл арман» ұлттық дәстүрді қол­дау мекемесінің мамандары да қатысты. Мұнда мектеп оқу­шылары да жазғы лагерь уақы­тында ор­тағасырлық көне орынмен танысты.