Қоғам • 12 Шілде, 2019

Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі

1196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлу патриотизмнің аса маңызды белгісі екенін атап өткен болатын.

Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі

Бүгінгі таңда түрлі этнос өкілдері мекен ететін Жам­был өңірінде «Жамбыл облысы эт­ностарының дәстүрі мен мәде­ниеті» энциклопедиясын басып шығару және шығары­латын энциклопедия негізін­де интерактивті карта жасау» жобасы қолға алынды. Жоба­ның негізгі мақсаты – өңірдегі эт­носаралық келісімнің оң әлеуетін зерттеу және насихаттау.

Аталған жоба аясында Жам­был облысы Қазақстан хал­қы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен облыстың Қордай және Шу аудандарында «Заманауи ме­диа мәдениет кеңістігіндегі этностық имидж» тақырыбында пі­кір­талас алаңдары ұйымдас­ты­рылды. Іс-шараның мақ­саты – түрлі этностар дәстүр­ле­рі­нің ерекшеліктерін және азаматтық қоғамның негізгі институттарының, әсіре­се Қа­зақстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның біріктіруші миссиясының маңыздылығын талқылау, бұқаралық ақпарат құралдарында этностық имиджді қалыптастыру және осы мәселені зерттеудегі аспектілерді анықтауды көздейді. Өз сөзінде пікірталас алаңы­ның модераторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ғылыми-сараптамалық қол­дау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаева медиа мәде­ниеттің құралдарының әсері, медиа мәдениет мәдени және тарихи даму үдерісінде адам­зат әзірлеген ақпараттық-ком­му­никациялық құралдар жүйесі ретінде қоғамдық сананы қа­лыптастыру мен тұлғаны әлеу­меттендіруге ықпал етуі жайын­да әңгіме өрбітсе, тарих ғы­лымдарының кандидаты Н.Кахаров ұлттық салт-дәс­түрлер, тіл мен музыка, әдебиет, ұлттық жоралғылар жайында өз ойымен бөлісті. Сонымен қа­тар Шу ауданындағы әзербай­жан этносының өкілі Зем­фира Гулиева қазіргі таңда еліміз­дегі этностардың ұлттық кодын сақтауда атқарылып отыр­ған жұмыстар үшін алғысын білдірді. 

Ал, түрік этносы­ның өкілі Бинали Тагиров «Жа­һан­дану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мəселесін шешуде ұтымды қадамдар жасауда деп есептеймін», деп өз пікірін білдірсе, дүнген этносының өкілдері Айша Ибыдо, Салима Вансинвин, Идирис Юнусов, Матлюба Мойорова көпшілікке өз этностарында кездесетін ерекшеліктер туралы фотосуреттер мен бейнероликтер ұсынды. Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері және жастар қатысып, өңірдегі мәдениетаралық өзара іс-қимыл мен этносаралық келісімнің оң әлеуетін насихаттау бойынша негізгі түсініктерді талдады.