Саясат • 15 Шілде, 2019

«Elorda Aqparat» ұжымына жаңа директор тағайындалды

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов «Elorda Aqparat» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Elorda Aqparat» ұжымына жаңа директор тағайындалды


Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Nur Otan» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

Саяси ғылымдар магистрі, «Алаш айнасы», «Жас қазақ» республикалық газеттерінде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шеф-редакторы және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған.