«Қаламыздың жақын маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым. Аумақтардың жағдайы мәз емес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы. Аяқ алып жүргісіз қоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған. Проблеманы тек әкімшілік әдіспен шешу мүмкін емес, қоғамның бірлігі қажет»,деді ол.
Сондықтан Министр #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлап, 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастауға шақырды.
«Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды,қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!», делінген жазбада.
Сонымен қатар ол жиын туралы ақпаратты тарқатып жазды.
«Жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады.Сол жерден барлығымыз автобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылады.Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар #Birge» деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.