Әлем • 16 Шілде, 2019

Орталық Азиядағы суицид: 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі шықты

122 реткөрсетілді

Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.

Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында  «Орталық Азиядағы суицид: қауіп мен қорғау факторларын жүйелі зерттеу» тақырыбында лекция оқыды.

Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 миллион адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады екен. Оның 76 проценті табысы орта және төмен елдерінде жасалса, 60 проценті Азия елдерінде орын алады.

Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп - 48,1 процентті құрайды. Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 процент, Өзбекстанда 13,6 процент, Қырғызстанда 13,4 процент. Тәжікстанда төменірек - 7,2 процент.

Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, жанын қию көрсеткіші төмендеген емес.

Соңғы жаңалықтар

Алып тиін төрге озды

Аймақтар • Кеше

18,6 миллионға жеттік

Қазақстан • Кеше

КХЛ: «Барыс» жеңіске жетті

Хоккей • 15 Ақпан, 2020

Жол құрылысынан табылған ақау көп

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Ақтөбеде автобус аударылды

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Биыл БҚО-да 1710 пәтер беріледі

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Жер сілкінді

Қазақстан • 15 Ақпан, 2020

Ұқсас жаңалықтар