Саясат • 16 Шілде, 2019

Арыста 1172 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыста 1172 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

16 шілдедегі мәлімет бойынша, Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстары тағы 4504 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жүргізілуде.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 мыңнан асты. Қаладағы 17 секторда жалпы саны 197 құрылыс компаниясы, 250 техника жұмыс жасауда.

Сондай-ақ 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1746 құрылысшы тартылған.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың жетекшілігімен үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.