Қазақстан • 17 Шілде, 2019

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз 1992 жылы 22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО мүшелігіне кірген болатын. Осы орайда, «ŽӘлемдік мұра» бағдарламасы және Дүниежүзілік жәдігер һәм заттық бұйымдар тізіміне енгізу туралы өтініштер қабылдау мақсатында елордадағы Ұлттық кітапханада ЮНЕСКО Ұлттық комитет мүшелері һәм астаналық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен іс-шара болып өтті.

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

ЮНЕСКО-ның басты мақсаты – әлемдік маңызды құжаттық мұраларды қорғау. Мұндай заттар Қазақстан жерінде баршылық. Бұған дейін ЮНЕСКО-ның Дү­ние­жүзілік еске алу тізіміне Ұлы дала мұраларынан 2003 жылы Қо­жа Ахмет Ясауи және оның із­ба­сары Сүлеймен Бақырғанидың қолжазбасы, 2005 жылы «Не­ве­да-Семей» антиядролық қозға­лысының құжаттары, 2009 жылы Арал теңізін қорғауға қатысты құжаттары қабылданған болатын. 

Бұл реткі жиынды ашып бас­қо­судың маңызы жайлы көпшілікке ақпар берген Ұлттық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева өз сөзінде, Үкімет басшысының жарлығымен 2017 жылы Сирек кітаптар мен ұлттық қолжазбалар орталығы құрылғанын, қазіргі таңда мұнда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмелерін жинау жұмысы белсенді жүріп жатқанын жеткізсе, Сирек кітап­тар мен ұлттық қолжазбалар орта­лы­ғының директоры Жандос Бол­дықов, еліміздегі барлық кітап­ханалар жүйесі қорын­да 82 мыңнан аса сирек және құнды кітап-материалдар бар. Оларды зерттеу және сақтаудың теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастыру барысында көп­теген қиындықтар бар екенін айтып өтіп, болашақта бұлардың ішінен  құндыларын Дүниежүзілік еске алу тізіміне енгізу жолын қарастыруды ұсынды.