Руханият • 18 Шілде, 2019

«Шаңырақтың» шапағаты

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы «Шаңырақ» қоғамдық қоры көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып келеді. Оның мүшелері ең алдымен тұрмысы төмен, көп балалы мұқтаж отбасыларға өз көмектерін тегін ұсынуда.

«Шаңырақтың» шапағаты

Өткен қыс айларында пәтерлері мен баспаналары «көгілдір отынға» қосылмаған осындай санаттағы отбасыларға көмір кіргізіп берді. Сондай-ақ өткен жылы «Шаңырақ» қоры 210 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берген еді. Бүгінде «шаңырақтықтар» осы дәстүрді одан әрі жалғастыруды көздеп, алдағы «Мектепке жол» акциясына әзірліктер жүргізуде. Қор негізінен жақсылық пен қайырымдылық жасауға бейім тұратын, жүрегінің жылуы мол азаматтардың демеуі мен қолдауына арқа сүйейді. Өз кезегінде олар­дың «Шаңырақтың» ғаламтордағы жеке сайтына өз ұсыныстарын білдіріп, көмек қолдарын созуы да парасаттылық пен қамқорлықтың көрінісіндей әсер қалдырады.

Биылғы жаз кезінде қор жана­шыр­лары Ақтөбе қаласы маңа­йын­да ұйымдастырылған үздік жаз­ғы демалыс лагерьлерінің бірі «Шұ­ғылада» тынығуы үшін көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін жолдама алып берді. Мұнда олар екі топқа бөлініп, 12 күн бойы жоғары деңгейдегі сауықтыру шараларына қатыспақ. Әр жеткіншек тәулігіне 5 мезгіл тегін, нәрлі тамақ­пен қамтылмақ. Осы арада «Шаңырақ» қоры әр бала­ға лагерь құны үшін 55 мың теңге төлейтінін айта кеткен жөн.

Ата-аналар «Шаңырақтың» өз балаларына тигізген шапағаты мен көмегіне дән риза.

 

АҚТӨБЕ