Өйткені бұл сынақ бүгіннен бастап алты елде жүзеге асады. Олар:
- Ирландия
- Италия
- Жапония
- Бразилия
- Австралия
- Жаңа Зеландия
Компания тестілеудің қалай өтіп жатқаны туралы толық ақпарат берген жоқ, тек оларды сынап көруде. Бұл сынама бастапқыда Канадада ғана жүзеге асты. Алайда кейінірек Канададағы пайдаланушылар лайктарының қайта көріне бастағаны туралы жазған болатын. Instagram Канадада тестілеу әлі жалғасуда екенін растады. Бүгін Канадада тағы да лайктер саны көрінбей қалған.
Instagram басшылығы лайкты жасыру себебін «жазылушылар лайк санына емес, сіз бөлісетін фотосуреттер мен бейнелерге көңіл бөлгені дұрыс» деп түсіндіреді.