Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Семейліктер «Арыс, біз біргеміз!» акциясына қатысуда

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Семей қаласында Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Арыс, біз біргеміз!» атты көмек көрсету іс-шарасы өткізілуде.

Семейліктер «Арыс, біз біргеміз!» акциясына қатысуда

Аталған іс-шараға қаламыздағы барлық мекемелер мен ұйымдар қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы іс-шарадан Семей қалалық Полиция Басқармасына қарасты Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері де қалыс қалмай, бір кісідей атсалысты.

- «Достық» үйінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы өтіп, соның аясында аясында балаларға арналған қайырымдылық ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды,-деді Семей қалалық Полиция Басқармасы баспсаөзі қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-қазіргі уақытта Арыс қаласынан келген 60-қа жуық бала жазғы демалыстарын қала шетінде орналасқан «Қарағайлы» шипажайында өткізіп жатыр.

М. Әуезов атындағы Полиция бөлімі Кадр саясаты бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Әлия Жұмаханова былай дейді:

-Біз жергілікті атқарушы билік ұйымдастырған қайырымдылық, іс-шарасына қатысып, арыстық балаларға сыйлықтар жасап, кішкентай балалардың қуанышына бөленіп жатырмыз.  Иә, бөбектердің риясыз қуанышына себепкер болудан артық ештеңе жоқ. Себебі, балалар – келешек тұтқасы.   Балалардың қамын бір күн емес, әрдайым ойлау аса маңызды. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Бала өмірдің қуанышы. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз. Ел тұтқасын ұстайтын қаншама бала өсіп келе жатыр. Өзіңіз қараңызшы, олар бүгінгі іс-шараға қандай қуанышты. Олардың жүздерінен бақыттың шуағы төгіліп тұр.

Кеш бойына дейін созылған мейірімді іс-шара шынында да балалардың  жан сарайын ашып, жүздеріне күлкі үйірілтті. Ұйымдастырушылардың мақсаты да осы еді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

«Еgemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ