Руханият • 18 Шілде, 2019

«Арыстан патша» көрерменге жол тартты

240 реткөрсетілді

Бүгіннен бастап Disney-дің «Арыстан патша» көркемтуындысы отандық кинотеатрлардан қазақ тілінде көрсетіледі.

«Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында Disney өнімдерін қазақ тілінде дубляждау жұмысы елімізде 2011 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Арыстан патша» мультфильмі аталған жоба аясындағы 31-ші туынды.

«BI Group компаниясының демеушілігімен және Nur Otan партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған кезекті туындымыз бүгіннен бастап көрерменге жол тартты. Бұл «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы 31-ші көрініс. Қазақ көрерменін қызықты қазақша ремейктермен қуанта береміз. «Болашақ» корпоративтік қоры мен BI Group компаниясы Walt Disney Pictures, Pixar және Sony Pictures компанияларының тағы 7 фильмін дубляждауға 2020 жылға арналған меморандумға қол қойды», деді «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Чайжунусова.

Фильмдегі кейіпкерлерді қазақша сөйлетуге отандық кино және театрдың жетекші актерлері тартылған. Атап айтар болсақ, Муфаса бейнесін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Бекболат Құрманғожаев қазақшаласа, Сарабиді кино және театр актрисасы Алтынай Нөгербек, Шензиді жас актриса Сая Тоқманғалиева, Рафикиді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Ыбыраев, Пумбаны актер Жәнібек Мұсаев, Тимонды театр және кино актері Дәурен Серғазин дыбыстады. Бала Симбаны – Бекнұр Ыбырай, ересек Симбаны – Олжас Жақыпбек қазақшалады. Сол сияқты Наланың бала күнін – Динар Қалдыбек дыбыстаса, ересек күнін Наурыз Сабағатова қазақша сөйлеткен. Дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, музыкалық редактор – Әнел Токирова.

Фильмдегі басты саундтректі танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева орындаған. Ал әнші Бейонсе орындаған арыстан Наланың «Алға» әнін «X-Factor» жобасының жеңімпазы Дария Габдулл шырқады. Фильмнің кастингіне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 50-ден аса актер қатысқан.

Еске сала кетейік, «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне  Голливудтың 31 кинотуындысы дубляждалды. Олардың ішінде «Тачки-2», «Мстители-2: Эра Альтрона», «Храбрая сердцем», «Тайна Коко», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», «История игрушек-4» және т.б. фильмдер бар.

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар