Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Үш мыңнан аса тұрақты жұмыс орындары ашылады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жыл сайын егіншілікке су жетпей жатады. Әсіресе, қырлау жерге дақыл еккен шаруаларға қиындау. Екпесе тағы амал жоқ. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осы шетін мәселені шешу жолдарын тағы бір таразылады..

Үш мыңнан аса тұрақты жұмыс орындары ашылады

Аймақта су қоймаларын салу және суармалы суды тиімді пайдалану бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады.

«Ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы суармалы суды 30%-ға дейін үнемдейміз. Және жер асты көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану, коллекторлық суларды қайта пайдалану есебінен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткіземіз. Нәтижесінде біз аграрлық сектордағы өндіріс көлемін 79 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашамыз»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы және азықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарланып отыр. Ол үшін ғалымдардың инновациялық әзірлемелерін, яғни аквасорбенттер мен аквагельдер пайдаланылады.

Қызылорда облысы