Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Бес күннің ішінде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы айда Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде төртеуі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау бойынша, біреуі Қылмыстық Кодекстің 300-бабымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша және Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 1,2,3-бөліктері бойынша алты қылмыстық теріс қылық деректері тіркелген. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан бес күн ішінде 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Бес күннің ішінде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 шілде күні Жуалы ауданының Бәйтерек және Қызыларық ауылдары арасындағы тас жолында Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тұратын, бұрын сотталмаған және уақытша жұмыссыз Өзбекстан Республикасының 36 жастағы азаматын ұстады. Одан салмағы 3 келі 786 грамм болатын «үнді марихуанасы» тәркіленді. «Күдікті кінәсін мойындады және Жуалы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, дәл осы күні Шу ауданының «Аспара-Тасөткел» құмды аймағында салмағы 5 келі 400 грамм «марихуана»  есірткі затымен 34 жастағы  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады және Шу аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметов.


Жамбыл облысы