Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында мердігердің кесірінен қыс кезінде қиындық болуы мүмкін

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде 2417 тұрғын үй қысқа дайындалуда.

Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында мердігердің кесірінен  қыс кезінде қиындық болуы мүмкін

Бірақ, облыс  орталығы, Екібастұз бен Ақсу қалалық әкімдіктері қысқа қазірден дайын болу керектігіне асығар емес.

Қазір бекітілген кестеге сәйкес жылу жүйелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Перфиловтың айтуынша, барлық жөндеу жұмыстары «KEGOC» АҚ-мен келісіліп, кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Облыс  орталығындағы №2 жылу орталығында да  2-ші турбинаға, №2 қазандыққа заманауи техникалық жөндеу жасалуда.

№ 3 қазандықта, №3- жылу орталығындағы жөндеу жұмыстары  белгіленген мерзім аясында аяқталады.

Бірақ, Бас директор  Тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау мәселесіне қатысушылардың назарын аударды. Оның мәліметтеріне сәйкес, Екібастұз қаласында  үйлер әлі дайындық төлқұжатын алмаған.

Сондай-ақ Олег Перфилов «Сарыарқа» шағын ауданында трассаны қайта салуды жүргізетін мердігердің өз міндеттерін орындамай кеткенін айтты.

Айтылған ескертулерді мердігер әлі күнге дейін орындамаған, бұл қыс кезінде келеңсіздік жағдайларға әкелуі әбден мүмкін.

 Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек те  жылыту маусымына аудан, қала әкімдері тарапынан бақылаудың жоқтығын, қыска дайындық мерзімі солтүстік өңір үшін тым аз қалғанын ескертуде.