Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімі халықаралық фестиваль жеңімпазына құрмет көрсетті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «Славян базары – 2019» халықаралық фестивалінде бас жүлдені иеленген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макинді жарқын жеңісімен құттықтады.

Солтүстік Қазақстан әкімі халықаралық фестиваль жеңімпазына құрмет көрсетті

Әкімдікте өткен кездесуге кезінде әншіге тәлім-тәрбие берген ұстаздары, туған-туысқандары да шақырылды.

«Өңіріміз Ермек Серкебаев сияқты өнерлі азаматтарға бай. Солардың қатарына соңғы кездері жастардың қосылып келе жатқаны қуантады. Өткен жылы Самал Еслямова үлкен фестивальде жеңіске жеткен болатын. Әділханның бұл жеңісі өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс»,  деген Құмар Іргебайұлы оған құрмет грамотасы мен ақшалай сертификатты табыс етті.

Әділхан Макин туған жерінде құрмет көрсетіп жатқандарына алғыс айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сөз арасында Гран при иегерінің М. Жұмабаев ауданында туғанын,  Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы  № 6 қазақ мектебін, өнер колледжін бітіргенін айта кеткен жөн.