Қоғам • 19 Шілде, 2019

Көпбалалы отбасыларға бизнес бастауға мүмкіндік бар

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Қызылорда облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған гранттар беріле бастайды. Бұл 2021 жылға дейінгі аймақтық Жол картасы шеңберінде іске аспақ.

Көпбалалы отбасыларға бизнес бастауға мүмкіндік бар

Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша облыста көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакеті қабылданды. Өңірлік Коммуникациялар баспасөз қызметі жол картасы арқылы өзінің шағын бизнесін ашуға ниетті көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 1922 грант бөлінетіндігін хабарлайды.

Сонымен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары сауықтыру лагерінде демалып, 25 мыңнан астам оқушы тегін тамақ және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі. Мұнан өзге Қызылорда қаласында 6800 бала Жол картасы аясында қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Бүгінде аймақта 36 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Оның 6 мыңға жуығы жағдайы төменгі деңгейдегі отбасы. Сонымен қатар үш мыңнан астам көп балалы отбасы мен жалғыз басты аналардың материалдық жағдайы зерделеніп жатыр.