Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақта 14 көше барлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

«Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аймақтар арасында 17 секторға бөлінген. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге біздің облыстың 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Барлығы 186 адам жұмыс істеп жатыр. Шілде айының соңына дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз», дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Сондай-ақ 2019 жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында» тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.

Арыс қаласы тұрғындарына 2800-ден астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай көмегін көрсетті.