Экономиканың барлық салаларында өсім бар. Агроөнеркісіптік кешеннің өнім көлемі 66 миллиард теңгені құрады. Соңғы үш жылда бұл салаға 200 миллиард теңге инвестиция тартылды. Зауыттар жаңғыртылып, Индустрияландыру картасы аясында 34 жоба жүзеге асырылды. 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Жуырда тұрмыстық химия фабрикасы іске қосылады.
Әлеуметтік салаларда да оң өзгерістер байқалады. Болат Өтемұратовтың жеке қоры жергілікті билікпен бірлесіп балаларға арналған аутизм орталығын ашпақ. Мектептер күрделі жөндеуден өтіп, заманауи медициналық кондырғылар алынуда. Облыста дәрігер тапшылығы мәселесі де шешімін табуда.
«Өңірге тамыз айында 169 жас дәрігер келеді. Олардың 86-ы ауылдарға барып, 1,5 миллион теңге мөлшерінде көтерме ақы беріледі», деді Құмар Іргебайұлы.