Әлем • 22 Шілде, 2019

Италияда Этна жанартауы оянды

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 шілдеде Италияда Этна вулканы оянып, атқылай бастады.

Италияда Этна жанартауы оянды

Лава ағыны кратерден бір жарым километрге төменге дейін созылып жатыр. Сондықтан жергілікті билік вулкан орналасқан Сицилияның шығысындағы Катаниядағы Фонтанаросс және Комизо әуежайларын жабуға бұйрық берді.

Мәселен 19 шілде күні Римнен шыққан Ryanair рейсі Палермоға қарай бағытын өзгертті. Сондай-ақ басқа да рейстер ұшу уақытын өзгертуге мәжбүр болды. Әуежай әкімшілігі ұшу жергілікті уақыт бойынша таңғы 11-де қалыпты жағдайға қайтып келгенін мәлімдеді.

Этна жанартауының оянуы жиі қайталанып тұрады. Соңғы рет бұл жерде жаңартаудың қарқынды атқылауы 2009 жылдың басында болды.

Айта кетейік, биіктігі 3 мың метрден асатын Этна тауындағы бұл отты ағын – Еуропадағы ең биік жанартау. 2013 жылы ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енген.

Халықаралық ғарыш станциясының бортындағы ғарышкерлер жанартау атқылауын видеоға түсірген.