Руханият • 23 Шілде, 2019

Ержеткен ұл мен бойжеткен қызға қажет орталық

643 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Былтыр жастайынан жасанды түсік жасау­шылардың көбейіп келе жатқанын мәселе ретінде қозғағанымыз оқырманның есінде болар. Бұл тақырыпқа баруға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 16 жастан бастап қыздарға ата-аналарының келісімінсіз жүктілікті тоқтатуға рұқсат беруді ұсынуы түрткі болды. Қоғам талқысына түскен бұл ұсыныс кереғар пікірлерге және әлеуметтік желілердегі айтыс-тартыстарға арқау болды.

Ержеткен ұл мен бойжеткен қызға қажет орталық

Қазір ерте бастан жүкті болып қалған жасөс­пі­рімдердің, зорлық-зом­бы­лыққа ұшыраған жет­кін­шектердің мәселесімен айна­лысып, зерттеулер жүргізіп отырған қоғамдық, халықаралық және үкі­мет­тік емес ұйымдар жұрт­шы­лықтың, құзырлы меке­ме­лердің назарын осы жағ­дай­ға аударуға күш салып келеді.

Өткен жылы Ха­лық­ара­лық парла­мент­ара­лық «Жастарға салынған инвес­тиция. Ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» конференциясында аса ма­ңызды декларация қа­был­­данды. Бұл құжат жас­тар­дың ре­­про­дуктивті денсау­лы­ғы­на ерекше назар ауда­ру­ға шақырады.

Ал өз елімізге келсек, нақты атқарылып отырған ша­ралар легі бар. Мәселен, Жас­тар жылына орай бұл күндері Алматыда атқа­рыл­ған ауқымды істің бірі – «Бұл жерде сені күте­ді» жастар денсаулығы орта­лы­ғы­ның ресми түрде ашылуы болып отыр.

Жаңа орталық арнайы жастар үшін әзірленген және бозбала шақтан ересек өмірге қауіпсіз өтуге ықпал ететін өмірлік маңызды дағ­дыларды дамытуға бағыт­талған ақпарат пен қыз­меттерді ұсынатын ре­сурс­тық хаб.

Бұл шараға Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және БҰҰ халық саласындағы қоры (ЮНФПА) ұйытқы болып отыр.

Аталған орталықты құру Денсаулық сақтау министр­лі­гінің сапалы ақпарат пен қызмет көрсету арқылы жас­тардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс бағ­дар­ла­ма­сының бір бөлігі саналады. Өз кезегінде ЮНФПА орталыққа тренингтер мен басқа да қолдау түрлерін ұсынады, оның ішінде басқа елдермен тәжірибе алмасуға ықпал етіп, керек-жарағын түгендеп, мүліктік үлес қосты.

Жасөспірімдер мен жастарды орталықта өзара іс-қимыл жасауға арнайы оқы­тылған сарапшылар қабылдайды. Мұнда жасөс­пірімдер гинекологы, андролог, психолог, әлеу­мет­тік қызметкер және басқа да мамандар жұмыс істейді.

 – Жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері мол болса, олар өзгерістің тиімді қозғалтқышына айналады. Жастардың жасөспірімдік жаста қаншалықты жақсы бағдарланғаны олардың өз өмірінің бұдан кейінгі барысын ғана емес, ортасы мен жалпы қоғамның дамуын да айқындайды, – деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Тү­рік­менс­тан елдеріндегі директоры Джулия Валезе. – Алайда, жастардың денсау­лы­ғына инвестиция салмай, олардың әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкін емес. Жастар денсаулық орта­лығы жігіттер мен қыз­дар өздерінің физи­ка­лық, эмоциялық, психо­ло­­гиялық дамуына қа­тыс­ты сұрақтарға жауап алатын, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті дамыту, көшбасшылық қасиет­тер­ді қалыптастыру сияқты өмірлік маңызды дағ­ды­лар­ға ие болатын орын болады.

Жақында жүргізілген зерттеу Қазақстанда 
15-19 жас аралығындағы жасөс­­пірімдердің үштен бірі жыныстық тұрғыдан бел­­сенді екенін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың басым көпшілігінің – 91 пайызының АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті білімі жоқ. Сонымен қатар жасөспірімдер жүктілігінің саны ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен салыстырғанда жоғары болып отыр.

«Сен жасөспірім болған кезде, көптеген күтпеген қауіп-қатерлермен: құр­дас­тар тарапынан жасалатын қысыммен, олардың қудалауымен, қауіпті мінез-құлыққа, соның ішінде қауіпті жыныстық мінез-құ­лықпен және басқалай қатерлермен бетпе-бет ке­ле­сің. Дұрыс ақпаратты білу маңызды, құрдастардың қысымына қарсы тұруды және оларға «жоқ» деп айтуды үйренудің маңызы зор. Ең бастысы, өміріңізді елеулі түрде айқындайтын шешім қабылдау құқығы мен таңдау мүмкіндігінің болуы. Бұл орталыққа бару және оның іс-шараларына қатысу жастарға өміріне қатысты салаларда саламатты шешімдер қабылдауға кө­мектеседі», дейді Y-PEER қозғалысының қа­тысу­шысы Айым Олжа­бай. Оның айтуынша, «Жас­тарға инвестициялар салу: ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» атты Астана декларациясында бұл тармақтардың барлығы да бар.

Осы арада тоқтала ке­тетін мәселе, 1994 жы­лы халықаралық қо­ғам­­­­дастық Каирдегі ха­лық­ты қоныстандыру және даму жөніндегі ха­лық­ара­лық конференция (ХҚХК) кезінде тарихи іс-қимыл бағдарламасын қабыл­даған болатын. Бұл бағдарламаны қабылдау әлем­дік қоғамдастық ха­лық санының динами­ка­сы, жыныстық және репродуктивті ден­сау­лық пен құқықтар, сондай-ақ тұрақты даму ара­сын­да­ғы өзара байланысты қараудағы өзгерістің бас­тал­ғанын көрсетті. Мұны еске алудың өзіндік себебі бар.

«Биыл 12-14 қараша аралығында Кения, Дания үкіметтері және ЮНФПА осы тарихи іс-шараның өтуіне 25 жыл толуына орай саммит өткізеді. Найробидегі саммит – Каирде келісілген негізгі мақсаттарды қайта растау және адамдардың құқықтары мен қадір-қасие­тін сақтауға жәрдем­де­су, соның ішінде контра­цеп­цияның қазіргі заманғы әдістеріне қол жеткізу құ­қы­ғы мен әйелдің қашан және қанша баласы болатынын таңдау құқығы, орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті шарт саналатын жыныстық белгі бо­йынша зорлық-зомбылықты жоюды растау. Жастардың көшбасшылығын алға жылжыту бейбіт әлемге жету үдерісін «жеделдетудің» бірі ретінде айқындалған және әрбір жүктіліктің қалаулы болуына, өмірге адам әкелудің, яғни боса­ну­дың қауіпсіз болуына және олардың бар әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік береді», дейді Джулия Валезе.

 

АЛМАТЫ