Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Қызылорда облысында 21 600 оқушы бірінші сыныпқа барады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы туралы айтты.

Қызылорда облысында 21 600 оқушы бірінші сыныпқа барады

«Алдағы 2019-2020 оқу жылдарында 1-сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Жалпы, жаңа оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап 1-сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылданатын балалардың мөлтек аудандар бойынша мектептерге орналастыру картасы дайын»,-деді М.Мелдебекова.

Бүгінде, Жаңақорған ауданында №169 және Жалағаш ауданында №34 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Қызылорда қаласында 600 орындық мектеп салынуда, оны қазан айында тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, 1450 орындық 3 жекеменшік мектеп салынып жатыр.

Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 320 орынға арналған 1 жеке балабақша қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.