Президент • 23 Шілде, 2019

Президент браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында жазды.

Президент браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін»,деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.