Қоғам • 23 Шілде, 2019

Ақмола облысында орман инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында орман инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

«Ақмола облыстық ПД қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында орман шаруашылығының қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы полициядан жасырыну мақсатында автокөліктен құтылмақ болған. Алайда, полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында күдіктілер Қостанай облысының аумағында ұсталды», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 23 шілдеде шамамен сағат 11-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атылған. Салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмса, 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық аурханаға жатқызылған еді. 

Осыған орай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядынан күдіктілердің көлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блок бекет қойылған болатын. 

Бұл іс ҚР Ішкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы өз бақылауына алынды. Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.