21 Мамыр, 2013

Даладағы дүбір

439 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Даладағы дүбір

Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:47

Далада дүбір басталды.­ Мең­діғара ауданындағы «Харь­ков» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігінің жабық ан­гарындағы жаратқан жүйріктей ылғи су жаңа техникалар қырға аттанды. Бүгінде диқандар техниканы баяғыдай қысымен қар­дың астына тастамайды. Жа­бық ғимаратта сақталатын тех­никаның сыры да ұшпайды, механизатор отыратын кабинаға шаң кірмейді. Шаруашылық же­текшісі Сайран Бұқанов қа­зір бұрынғы шаруашылық жүр­гізу тәсіліне таңқалады. Сәкең Канададан, Германиядан алдыр­ған техникаларды реттеп қойып, қыздың жасауындай күтеді. Бүгінде шаруашылықтың бір техникасы да сыртта қалмайды. Көктемгі дала жұмыстары кезінде піскен астай дайын тұрады.

 

Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:47

Далада дүбір басталды.­ Мең­діғара ауданындағы «Харь­ков» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігінің жабық ан­гарындағы жаратқан жүйріктей ылғи су жаңа техникалар қырға аттанды. Бүгінде диқандар техниканы баяғыдай қысымен қар­дың астына тастамайды. Жа­бық ғимаратта сақталатын тех­никаның сыры да ұшпайды, механизатор отыратын кабинаға шаң кірмейді. Шаруашылық же­текшісі Сайран Бұқанов қа­зір бұрынғы шаруашылық жүр­гізу тәсіліне таңқалады. Сәкең Канададан, Германиядан алдыр­ған техникаларды реттеп қойып, қыздың жасауындай күтеді. Бүгінде шаруашылықтың бір техникасы да сыртта қалмайды. Көктемгі дала жұмыстары кезінде піскен астай дайын тұрады.

Биыл шаруашылық 20 мың гектар жерге дәнді дақылдар себеді. Шаруаны дөңгелетпесе Сайран Балкенұлы Еңбек Ері бола ма?! Бала жасынан ауылда өсіп, ержеткен Сәкеңді қазір даланың профессоры десе болар. Оның ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдердегі сияқты озық технология болмай, мол табыс келмейтініне әбден көзі жеткен. Оның ең бас­ты кепілі – шаруашылықтағы шетелдік қуатты, озық техника. Мұндағы механизаторлардың барлығы дерлік жаңа техниканың тілін біліп алған. Оларды оқытып, қайта даярлауға шаруашылық басшысы қаржыны аяған жоқ. «Алда кетіп бара жатқан жұрттан қалмауды үйренуіміз керек», дегенді ол өз мамандарына да, жұмысшыларға да айтып отырады. Шаруашылық мамандары жерге дән сіңіру секілді науқандық жұмыстарды өте қысқа мерзімде аяқтауды мақсат етеді. Бұл да осы шаруашылықтағы ілкімді істің бірі.

– Дән себу жұмысын маусым айының басына жетер-жетпес уақытта аяқтауды межеледік. Арасында жаңбыр жауып, қолды байламаса болды. Техника мықты, тұқым жеткілікті болғанда көктемгі дала жұмыстары тез жүреді. Біз көктемде дәнді тез арада сіңіру үшін қыс бойы дайындаламыз. Дайындық күшті болмаса, көктемде тыпырлағанмен болмайды. Күзгі молшылықтың негізі ғой бұл науқан,  – дейді Сайран Бәлкенұлы.

Биыл қардың көп түсуі диқандар көңілін де көтеріп тұр. Қар суы был­тырдан аңқасы кепкен жерге сің­геннен кейін, топырақ ылғалы да әзірге жеткілікті. Шаруашылық биыл 3 мың гектар жерге майлы да­қылдардың зығыр, күнбағыс, қара­құмық секілді бірнеше түрін екті. Бұрын барлық күш-қуатты да, назарды да бидайға салатын ма­мандар, соңғы жылдары рынокта майлы дақылдарға деген сұ­ра­ныстың артып келе жатқанын біліп отыр. Бір­ден емес, біртіндеп оның алқабын молайтып келеді. Харьковтықтар да солай істеп отыр. Ал шаруашылықтағы қал­ған ал­қаптың 70 пайызына бидай себіледі.

Облыста жалпы 4 миллион 437 мың гектар жерге дән сіңірілмек. Со­ның 82 пайызы бидай, қалғаны майлы дақылдар мен көкөністің, картоп пен бақша өсімдіктерінің үлесіне тиеді. Өткен жылға қарағанда жарма дақылдары 11 мың гектарға, бұршақ тұқымдастар 4 мың, майлы дақылдар 35 мың гектарға көп себіледі. Сондай-ақ, жылдағыға қарағанда картоп алқабы да ұлғая түспек. Биыл бірінші рет облыс бюджетінен тұқым дайындайтын шаруашылықтар үшін 250 миллион теңге субсидия бөлінді. Бүгінге дейін барлығы 800 мың гектар жерге дән сіңіріліп үлгерілді. Облыстың кейбір аудандарында жауын жауып өткені болмаса, негізінен күн ашық, диқанның уақтылы қимылдап қа­луына мүмкіндік жетеді. Өткен жы­лы гектар шығымдылығының тым төмен болуына байланысты облыста тұқым­ның азайып қалғаны туралы біраз әңгіме болған еді. Бұл мәселе көктемгі дала жұмыстары басталғанша шешімін тапты. Жанар-жағармай да облыс аудандарына уақтылы жеткізілді.

– Енді апталап жауатын ақ жауындар болмай, ауа райы ашық болып тұрса, диқандар науқанды маусым айының 5-ші жұлдызына дейін аяқтауы тиіс, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Сәлімжан Есенаманов.

Ең басты науқан басталды. Алайда, диқан тірлігі мұнымен бітпейді. Алты ай жаз оның жүзін күн қағып, қолы күстенетіні тағы аян. Ал балапанды күзде санайды, оған дейін аспанның нұры азаймасын деңіз, әйтпесе, диқан еңбектен белін жазбайды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай облысы.