Адал бәсекелестік алға бастырады
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:53
Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының ойластырылған саясатының арқасында Қазақстанның экономикасы өз дамуында серпіліс жасады. Қазақстандық экономиканың нарыққа өтуі бәсекелестік орта қалыптастыруда мемлекеттің белсенді араласуын талап етті, себебі, саламатты бәсекелестік орта ғана тиімді экономикалык жүйе құрудың міндетті шарты болып табылады. Бәсекелестік белгілі бір шығыстармен байланысты болса да, сонымен бірге, бағалардың төмендеуін ынталандыра отырып, үлкен экономикалық тиімділікті, шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін арттыруды, ғылыми-техникалық жетістіктер енгізуді және т.б. камтамасыз етеді.
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:53
Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының ойластырылған саясатының арқасында Қазақстанның экономикасы өз дамуында серпіліс жасады. Қазақстандық экономиканың нарыққа өтуі бәсекелестік орта қалыптастыруда мемлекеттің белсенді араласуын талап етті, себебі, саламатты бәсекелестік орта ғана тиімді экономикалык жүйе құрудың міндетті шарты болып табылады. Бәсекелестік белгілі бір шығыстармен байланысты болса да, сонымен бірге, бағалардың төмендеуін ынталандыра отырып, үлкен экономикалық тиімділікті, шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін арттыруды, ғылыми-техникалық жетістіктер енгізуді және т.б. камтамасыз етеді.
Адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы орта кұру міндетінің басымдығы Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында да расталады. Онда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан азаматының бизнеспен айналысу мүмкіндігі болуы үшін кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қажеттігін атап көрсетті.
Жүргізіліп жаткан интеграциялық процестер аясында Қазақстанда бизнесті жүргізу отандық кәсіпкер үшін байыпты сынақ. Олар бәсекелестікте жеңіп, Қазақстан Республикасының шегінде өзінің бизнесін нығайтуы және тиісінше Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін әлемдік рынокта бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс.
Осы мақсатта Қазақстанда шикізаттық ресурстардан тәуелсіз экономика құруға бағытталған индустрияландырудың ауқымды бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекет тарапынан сондай-ақ, Белоруссия және Ресей инфрақұрылымына тепе-тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, үшінші елден импортты қысқарту айрықша өзекті болып табылады.
Осыған байланысты, ортақ рынок құра отырып, оны реттеудің тиімді тетігін құруды жалғастыру маңызды. Бұл жерде БЭК-ті қалыптастыратын нормативтік құкықтық базаның рөлі жоғары. Мысалы, Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім; Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім, сондай-ақ Мұнай мен мұнай өнімдерінің және т.б. ортақ рыноктарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімдер. Көрсетілген келісімдердің негізгі қағидаттары нормаларды, стандарттарды бірдейлендіру, сондай-ақ, заңнаманы және қағидаларды үйлестіру болып табылады.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта үш елдің монополияға қарсы заңнамасының барлық ерекшеліктері мен прогрессивті нормаларын қамтитын Бәсекелестік туралы модельдік заңды әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді. Аталған заң ұсыныстық сипатта болады және оған үш ел басшыларының қол қоюы 2013 жылғы шілдеге жоспарланып отыр.
2013 жылғы 24 наурызда кейбір заңнамалық актілерге бәсекелестік мәселелері бойынша түзетулер күшіне енгенін атап өту қажет, олар сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жүргізу процесіне қолайлы әсер етеді және әзірленіп жатқан модельдік заң жобасында көрініс табуы мүмкін.
Қазақстандық бизнес-кұрылымның дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сыртқы саяси байланыстарды нығайтуға, табысты халықаралық тәжірибені зерделеуге жәрдемдеседі. Осы мақсатта әлемнің үздік ойшылдарын жинайтын, Қазақстан үшін соншалықты маңызды танымал халықаралық жиын – VI Астана экономикалық форумын өткізу жоспарланып отыр.
Форум Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен және белсенді катысуымен өткізілетін халықаралық тұғырнама болып табылады. Форумға дәстүрлі түрде 100 елден 8500-ден астам делегат, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар және іскер корпорациялар басшылары, жетекші ғалымдар және Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ жаһандық БАҚ өкілдері қатысады.
Алғаш рет аталған форум шеңберінде 2013 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлауда.
Алдағы іс-шараның бағдарламасы интеграция жағдайында бәсекелестікті дамытудың проблемалы мәселелерін талқылауды және оларды шешудің тиімді жолдарын, үдерістер жағдайында рынокқа тең және ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Осыған байланысты, қатысушылардың күтіліп отырған кұрамының жоғары болатыны кездейсоқ емес. Модератор ретінде Федералдық монополияға қарсы қызметтің басшысы И.Ю.Артемьев баяндама жасайды. Спикерлер ретінде Джон Нэш-Принстон университетінің профессоры, экономика бойынша Нобель сыйлығының 1994 жылғы лауреаты; сэр Джеймс Александр Мирлис – Халықаралық Атлантика экономикалык коғамының президенті, «Ақпараттық асимметрия саласындағы зерттеулері үшін» Нобель сыйлығының 1996 жылғы лауреаты, Н.Ш.Алдабергенов Алқа мүшесі – Еуразиялык экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі, сондай-ақ, әлемнің 20-дан астам елдерінен монополияға қарсы органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатынын растады. Сонымен қатар, өз қызметтерін экономиканың инфрақұрылымдық салаларында жүзеге асыратын қазақстандық бизнес ортаның 30-дан астам өкілдері қатысады деп күтілуде.
Алда болатын аса маңызды іс-шара әлемдік және ұлттық экономиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесетін үндесу алаңқайы болып табылады. Өткізілетін іс-шаралардың және VI Астана экономикалық форумының басты нәтижесі G-20 саммитінде талқылау үшін G-20 елдерінің басшыларына, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшыларының қарауына ұсынылатын әлемдік экономиканы дамыту бойынша ұсыныстар қамтылған катысушылардың ашық хаты болып табылады. 2012 жылы Астана экономикалық форумының ұсынымдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы отырысына ұсынылғанын атап өту кажет.
Дөңгелек үстелді өткізу алдында G-Global коммуникативтік алаңы шеңберінде белсенді жұмыстар жүргізіледі. Бүгінде агенттік жарияланымдар орналастырып, түрлі өзекті тақырыптарға пікірсайыстар ұйымдастыруда. Сонымен бірге, интерактивті режімде «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта кұру» атты дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбын ашуға жәрдемдесетін бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Өңірдегі монополияға қарсы ведомстволар үшін айрықша окиға бола тұра, аталған іс-шара бәсекелестік проблемаларын, бәсекелестікке қабілеттіліктің теориясы мен практикасын талқылау және тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізудің практикалык тәсілдерін әзірлеу үшін жемісті үнқатысу алаңы болмақ.
Тимур БАЙМҰХАНОВ,
Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға
қарсы агенттік) төрағасының орынбасары,
экономика ғылымдарының докторы.