Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Қызылордада бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы мен «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі директорының орынбасары қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болды.

Қызылордада бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаменті «Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы Б.Тиыштықов пен «Агроспецмонтаж» ӨК директорының орынбасары Н.Әбуовке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.

Б.Тиыштықов қызметтік өкілетін асыра пайдалана отырып, Қазалы қаласында құрылыс жүргізілетін тұрғын үй инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету нысанының құрылысы кезінде жалған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Осының нәтижесінде Н.Әбуов 16,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын иемденген.

Жақында Қазалы аудандық сотының үкімімен Тиыштықовтың - 1 жылға, Әбуовтің - 6 жылға бас бостандығы шектелді.