Жолдау – барша қазақстандықтың игілігі
Сенбі, 5 қаңтар 2013 8:19
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елу елінің қатарынан көрінуге бағытталған барлық бағдарлама қамтылып отыр. Бүгінгі күнге дейін бізде мемлекеттік мықты жүйе қалыптасуымен қатар, келешекке негізделген дамушы бекем бағыт та қалыптасып үлгергені ақиқат.
Сенбі, 5 қаңтар 2013 8:19
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елу елінің қатарынан көрінуге бағытталған барлық бағдарлама қамтылып отыр. Бүгінгі күнге дейін бізде мемлекеттік мықты жүйе қалыптасуымен қатар, келешекке негізделген дамушы бекем бағыт та қалыптасып үлгергені ақиқат.
Жолдаудың барлық тараулары мемлекеттің мығым мүм-кіншілігін айқын көрсетіп, нысана еткен нақты жетістікке апарар түзу жолды нұсқап отыр. Ол нысана – жаңа әлемде дамыған, жаңарған Қазақ елі. Мемлекеттік негізді қалыптастыратын бірде-бір экономикалық сауал қалмағандығына осы Жолдаумен жақынырақ танысқанда тәнті болдым. Әсіресе, мемлекеттің әлеуетін танытатын әлеуметтік салаға екпін түсіріліп, қарапайым қазақстандықтардың тұрмысын арттыру арқылы мынадай дағдарыс заманда өзге елдердің алдына шығу мәселесі өте орынды қозғалып отыр дер едім.
Маған қоғам қайраткері әрі ғалым ретінде Қазақстандағы ғылым тақырыбы ерекше етене. Жолдауда ел экономикасына жаңа технологияларды сауатты енгізу мен өзге елдерден тәжірибе жинақтаған білікті жас мамандарға қамқорлық таныту мәселесі тиянақты қозғалғаны өзімді аса қуантып тастады. Сон-дай-ақ, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі атқарып келе жатқан еңбегіне өте жақсы баға беріп, көпұлтты республикамыздың барша халқын бір мүддеге шақырып отырған осы киелі шаңырақ жайлы сарабдал пікірін жария етті. Елбасының сөзіне қарап, шынында да қазіргі таңда халықаралық ұй-ымдар тарапынан қолдау тапқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлін арттыру керек екендігін іштей түйсіндік. Осы отандық ұйым еліміздегі барша ұлттың басын қосып қана қоймай, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, мәдени-ағартушылық тәрбиеге баулып отырғаны рас.
Сұлтан ОЗДОЕВ,
Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі,
«Вошил-Бауырластық» ингуш мәдени
бірлестігінің төрағасы.
АЛМАТЫ.