Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Алматыда аулаларды абаттандырудың интерактивті картасы жасалады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онда үй маңын көріктендіру мен жарықтандыру жұмыстары туралы толық ақпарат енгізілмек. Яғни, картадағы қай ауланың қашан жөнделетіні туралы хабарды тұрғындар өздері біліп отырулары қажет. Бұл туралы Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда аулаларды абаттандырудың интерактивті картасы жасалады

Онда жарығы жоқ аулалардың да тізімі болады. Себебі, қауіпсіздік мәселесі бірінші орында. Тиісті тапсырманы Бақытжан Сағынтаев жүктеді.

Әкім өз кезегінде халықтан Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты шағымның көп екенін алға тартты. Сол себепті ПИК жұмысын да жүйелеп, ең үздік ұйымның тәжірибесін көпке үлгі етуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар да өз мүліктеріне немқұрайлы қарамай, Пәтер иелері кооперативтерімен қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Бұдан бөлек жиында тұрғын үй мәселесі сөз болды.

Бүгінде Алматыда 24 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Олардың 2000-ға жуығы көпбалалы отбасы, 1700-і жетім балалар және 11 мың адам әлеуметтік осал топтан. Қалада халықты тұрғын үймен қамту үшін бірқатар бағдарламалр жүзеге асуда. Биыл шаһарда 2,500 мың пәтер беріледі деп жоспарланған.

 

АЛМАТЫ