Экономика • 02 Тамыз, 2019

Тәжікстанға экспорт көлемі артады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңіріне жұмыс сапармен келген Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбекпен кездесті. Екітараптық жүздесу барысында іскерлік қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Тәжікстанға экспорт көлемі артады

Солтүстік Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы  сауда айналымының көлемі 10 процентке артып,  1951,05 мың АҚШ долларын құраған. Тәжікстанға  негізінен зығыр, бидай, ұн өнімдері жөнелтілген. Өткен жылмен салыстырғанда  өнім көлемі 11,4 процентке молайған.

Екі жақтың өкілдері алдағы уақытта да өзара байланысты өрістете отырып,  гуманитарлық-мәдени қарым-қатынас саласын нығайтуға да баса назар аударды.

Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода облыс орталығында орналасқан тарихи-мәдени орындарды аралап, Қызылжар өңірінде тұрып жатқан тәжік этносы өкілдерімен кездесті.

 

Солтүстік Қазақстан облысы