![Қарағандыда «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясы жалғасын тапты](/media/2019/08/04/aktsiya-1.jpeg)
Құрамында кәсіпкерлер, еріктілер, экологиялық белсенділер және қала тұрғындары бар қатысушылар отряды Кеңгір, Саран, Қылыш су қоймаларының, Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сарысу тәрізді көлдер мен өзендердің бойын, сондай-ақ, қалалар мен кенттердегі саябақтарды қоқыстан тазартты.
Сенбі күні өткен «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясын облыс орталығында 3 мыңнан астам тұрғын қолдады. Акция қатысушылары қаланың шеткері көшелеріндегі жолдардың бойын, орталық саябақтың маңын ретке келтіріп, Кіші және Үлкен Бұқпа өзендерінің арнасын қоқыстан тазартты. Бұл күні қалдық төгілетін полигонға 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Қарағанды облысы