Әлем • 04 Тамыз, 2019

Техастағы атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында болған атыста зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Осындай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Техастағы атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

«Америкалық тараптың алдын ала берген ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ», - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында атыс болып, алдын ала ақпарат бойынша 20 адам қайтыс болған. Тағы 24 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Десе де, кейбір БАҚ көздері атыстан 40 адамның зардап шеккенін хабарлайды.

Атысқа байланысты 21 жастағы жас жігіт ұсталған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың хабарламасына сай, қайтыс болғандардың ішінде үшеуі мексикалық болған.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, оқиғаны «трагедия ғана емес, қорқақтықтың көрінісі» деп атаған болатын.