Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

70 өзен-көл жағасы қоқыстан тазартылды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

#Birge #Taza Qazaqstan экологиялық акциясы облыста 27 шілдеде басталған-ды. Осы уақыт аралығында өңірдегі су қоймалары мен демалыс аумақтарынан тонналаған қоқыс шығарылды. Әсіресе акцияның екінші аптасына аймақ тұрғындары белсене қатысты. Бұл жолғы тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам жиналды. Семей 13 мың адаммен көш бастаса, Өскеменде – 7350, Алтайда 2312 адам қолдарына күрек-тырма ұстады.

70 өзен-көл жағасы қоқыстан тазартылды

Ерекше атап өтерлігі, акция шеңберінде облыс аума­ғындағы 70 су нысаны, атап айтсақ, Үлбі, Ертіс, Шаған, Қарашоқы, Аягөз, Жана­ма өзендері, Алайғыр бұ­лағы, Балықтыкөл, Шалқар көл­дерінің жағалауы қоқыс­тан тазартылды. Бұл күні та­биғатқа, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын шығыс­қа­зақстандықтар 740 тонна (2960 текше метр) қоқыс жи­напты. «Онколог дәрігер ретінде қоршаған ортаның т­азалығы тікелей адам денсаулығына әсер ететінін жақсы түсінеміз. Содан да болар, тазалық эстафетасын қуана қабылдап, әр апта сайын қатысуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара жерімізді таза қылып қана қоймай, адам­дардың мәдениетін, та­биғатқа деген құрметін қа­лыптастырады деп ойлаймын», дейді Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары Арман Мұқажанов.

Еске сала кетейік, тазалық акциясы әр апта сайын қыр­күйек айының соңына дейін жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы