Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Қарағандыда құрбан малын соятын орындар белгілі болды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Құрбан айт кезінде мал союға арналған орындар белгіленді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарағандыда Резник, С.Сейфуллин, Республика даңғылы және К.Маркс көшелері бойында орналасқан, санитарлық талаптарға сай келетін алаңдарда мал союға рұқсат берілді.

Қарағандыда құрбан малын соятын орындар белгілі болды

Құрбан айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қала мешіттерінің аумағында тегін тағамдар мен сусындар таратып, түрлі сыйлықтар үйлестіріп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырады. Сонымен қатар бұл күні ұлттық ойын түрлерінен спорт сайыстары мен мәдени-сауықтыру шаралары өтеді.

Еске салсақ, биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамызда басталады. Жағдайы жақсы, дәулетті тұратын мұсылман баласы үшін құрбан шалудың міндетті екені белгілі. Негізі құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі малдары шалынады. Құрбан болған жануардың еті үшке бөлініп, бір бөлігі мұқтаж жандарға, екіншісі  көршілерге немесе дос-жаран мен туыстарға таратылып беріледі. Ал үшінші бөлігі құрбан шалған адамның өз үйінде қалады.

 

Қарағанды облысы