«Орыс әдебиеті» оқулығын парақтап көрейік. Қарапайым қателер. Физикадан да солай. Есептің көрсетілген жауабы теріс. Мысалы, мұнда 0,24 деп көрсетілген. Ал есепті дұрыс шешсеңіз 0,27 деген сан шығуы керек. География оқулығы да сондай. Карталар бойынша қателіктер бар. Ағылшын тілі оқулығында аударма мағынасы өзгеріп кеткен. Мәтінді мағынасына қарамай сөзбе-сөз аудару көп кездеседі. Балалар сол қателік бойынша қатеге үйреніп жатыр деген сөз», деді ведомство басшысы.
Министр орыс тілінен қазақшаға аударылған оқулықтардың сапасын да сынға алды. «Мұндайға жол берілмеуі керек.
Балаларымыз осындай аудармалармен оқуға мәжбүр. Жыл сайын бір қателік қайталанып келеді. Бір басқан шоқты қайта айналып басамыз. Қашан бітеді бұл? Оқулықты асығыс дайындау деген жүйелі проблемаға айналды», деді Асхат Аймағамбетов. Кеңес барысында министр елімізде оқулықтың бағасы қымбат екенін мойындады.