Ұлттық спорт ойынының додасына Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан барлығы жеті команда қатысқан болатын.
Чемпионатта Қарағанды облысының намысын Шет ауданының құрамында Нұрсұлтан Кәкенов, Айсұлтан Бұғыбай және Дәулет Камал сияқты ойыншылар бар командасы қорғады. Қолмерген балақайларды бапкер Еркебұлан Ақыжанов бірнеше жылдан бері ақысыз негізде жаттықтырады екен.
– Біз үшін бұл үлкен жетістік. Балаларды жаттықтырып жүргеніме жеті болды. Ауданымызда барлығы жүзге жуық бала асық ату спортымен әуестенеді және осы ұлттық ойынның танымалдығы жыл сайын артып келеді. Біз Қазақстан чемпионатына тыңғылықты дайындалдық. Тек Нұр-Сұлтан командасынан ғана жеңілдік. Алда бізді әлі талай жеңістердің күтіп тұрғанына сенімдімін, – дейді команда бапкері Еркебұлан Ақыжанов.
Қарағанды облысы