Спорт • 09 Тамыз, 2019

Шаршы алаңға оралады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық кә­сіп­қой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) өзінің келесі жекпе-жегін қазан айында өткізетінін мәлім­деді. Бұл туралы боксшы Qazaq Promotions промоутерлік компаниясының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Шаршы алаңға оралады

«Шілдеде өткен бокс кешінен кейін Qazaq Promotions компаниясының басшысымен бірге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Қазіргі уақытта келесі жекпе-жегімізге дайындықты бастап кеттік. Жоспар бойынша 26 қазанда шаршы алаңға ораламын. Бұл бокс кешінің де жауапкершілгі өте ауыр болмақ. Бұл кешке менің америкалық бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келеді», дейді Қанат.

Айта кетейік, жерлесіміз екі жылдық үзілістен кейін осы жылдың шілде айында Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шығып, доминикандық Хулио де Хесусты (28-2, 27 КО) 14 секундта сұлатып салған болатын.