Спорт • 09 Тамыз, 2019

Солтүстікқазақстандық ауыр атлет Спартакиада  жеңімпазы атанды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан  Қазақстанның  V жазғы Спартакиадасында жерлесіміз Айдар Қазов  алтыннан алқа тақты.

 

Солтүстікқазақстандық ауыр атлет Спартакиада  жеңімпазы атанды

Төрт  жылда бір рет өтетін айтулы бәсекеде еліміздің ең мықты зілтеміршілері  күш сынасуда. Облыстың намысын қорғаған  Айдар Қазов 81 келіге дейінгі салмақ бойынша ең мықты  зілтемірші атанды. Ол жұлқа көтеруде – 146, ал серпе көтеруде 189 келіні еңсерді. Сөйтіп  өзінің басты қарсыласы, Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимовтың алдын орап кетті.

 Спартакиада чемпионын  Республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерік Әлібаев жаттықтырады.

Тағы бір жерлесіміз Жанәли Тұяқов 102 келіге дейінгі салмақта  күш сынасады. Оның басты қарсыласы– атақты Илья Ильин.

Солтүстік Қазақстан облысы