Руханият • 09 Тамыз, 2019

Қоңыр Мандоки туралы кітаптың тұсауы кесілді

621 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Белгілі құмық ақын-жазушысы Бадрутдин Магомедовтың «Үзілген үзеңгі» атты кітабының түрік тіліне аудармасының ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ұйымдастырған іс-шарада тұсауы кесілді.

Қоңыр Мандоки туралы кітаптың тұсауы кесілді

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы  Дүйсен Қасейіновтің басшылығымен өткен шараға Түрікменстанның Түркиядағы елшісі Ишанқули Аманлиев, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор Четин Пекаджар, Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасының білім беруді дамыту институтынан ақын, доктор Миясат Мүслимова, «Таңшолпан» журналының бас редакторы ақын Супиянат Мамаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы, Түрік тілі орталығының басшысы профессор Гүрер Гүлсевин, Ататүрік атындағы зерттеу орталығының жетекшісі, профессор Али Бейхан, Анкарадағы дипломатиялық корпус, өнер және әдебиет қауымдастығының өкілдері, ақын-жазушылар мен басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Жиын ТҮРКСОЙ туралы деректі фильм мен Бадрутдин Магомедовтың «Үзілген үзеңгі» атты кітабы туралы деректі фильмнің көрсетілімімен басталды.

Жиын алғысөзінде Дүйсен Қасейінов түркі әлемінде жақсы танылған құмық ақыны мен зерттеушісі Б.Магомедовтың түркі әлеміне ортақ әдебиет пен біліміне үлкен мирас қалдырғанын айтты.

Кітапты түрік тіліне аударған профессор Четин Пекаджар кітаптың басты тақырыбы болған Мажарстан түркологы Коңырдың өзінің түп тамырын табу оқиғасы мен ата-бабаларының ізімен жүргені, Дағыстандағы кездесулері мен зерттеулері туралы қысқаша айтып берді.

Шараға шақырылған Бадрутдин Магомедовтың қызы Аида Магомедова кітаптың түрік тіліне аударылуына атсалысқан адамдарға алғысын білдіріп, риза екенін айтты.  

Кітапта әлемге әйгілі Мажарстан түркологы Ыштван Мандоки Коңыр мен құмық әдебиетінің жарық жұлдызы Бадрутдин Магомедовтың достығы туралы да жазылған. Сонымен бірге Коңыр Мандокимен репортаждар, жолсапар очерктері, Магомедовтің өлеңдері көрініс тапқан.