Аймақтар • 10 Тамыз, 2019

Баянауылда «KAZBRANDS» менторлық жобасы өтті

514 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

4-7 тамыз аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «KAZBRANDS» Қоғамдық қоры Баянауылдағы Жасыбай көлі жағасында   жастарды менторлық  лагеріне шақырды.  

Баянауылда   «KAZBRANDS» менторлық жобасы өтті

Лагердің ашылуында Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, «KAZBRANDS» ҚҚ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жазылбеков, жоба жетекшісі Жанна Қайкенова, С. Торайғыров атындағы мемлекттік университет  ректоры міндетін атқарушы Мейрам Бегентаевтар қатысып, жастарға арнап сөз сөйледі.

Сондықтан, бүгінгі жиынның мақсаты-тәлімгерлік идея, тәлімгерлік тәжірибемен бөлісу. Жалпы тәлімгерлік әрбір жастың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Тәлімгерлік табысқа жеткізеді. Тәлімгердің кеңестері-өздерінің тәлімгерлерін іздейді,-дейді жоба жетекшісі Жанна Қайкенова.

Жастар лагері алаңына тәжірибелі сертификатталған қазақстандық тәлімгерлер Айдар Абраев, Данияр Айтышев, блогер Әнуар Шәріпов, Лидия Тайжанова- Щербинина қатысты.  

Менторлық жастар лагеріндегі тәлімгерлік оқуларға  4 күн бойы  13 пен 29 жас аралығындағы жергілікті мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер, жұмысшы жастар және ауыл жастары қатысты. Түрлі қызықты дебаттар, семинарлар, тренингтер және тәлімгер жетекшілермен кездесулер өтті.   Тәлімгерлік оқуларды, тренингтерді Нұр-сұлтан қаласынан келген елімізге танымал блогерлер, кәсіпкерлер  жүргізді.

Бұған дейін шілде айында «KAZBRANDS» қоғамдық қорының өңірлердегі жас көшбасшылары мен жаттықтырушыларының жобасы іске қосылғаны белгілі.

Қазір елімізде менторлық-тәлімгерлік жобасы басталады. Қор өңірлерге барып, жастар арасында кездесулер, семинарлар, түрлі тренингтер өткізуде.

Өңірдегі Ақсу қаласы №7 мектептің психологы Фарида Есенбаеваның айтуынша, бұл форумның мақсаты − жастарға өз жолын табуға, өзін-өзі тани алуға көмектесу.  Мен «Балалар және кәсіпкерлік» тақырыбында жұмыс істейтін  ментор болған соң, Айдар Абраевтың тренингтері ұнады. Өйткені, Айдар тәлімгер «Табысты кәсіпкер болудың жолдары», «Өз әлеуетін қалай пайдалануға болады?» атты қызықты тренингтер өткізді,-дейді.

Менторлық лагерь жұмысына қатысқан Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовтың айтуынша, тәлімгерлік  институы деген қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор  бұрыннан келе  жатқан дәстүрлі жол деуге болады. Қазіргі күні де тәлімгерлік, жастарға жол көрсету, қолдау − өзекті.

- Жалпы, менторлық жоба мемлекеттің қолдауымен басталды.  Менторлық жұмыс  бизнеске ғана емес, барлық салаға қажет. Мемлекеттік органдарда да өзекті. Қазіргі жастар өте білімді. Бірақ өмірлік тәжірибелері аз. Ал, оларға бағыт-бағдар беретін тәлімгер керек,-дейді қордың жауапты өкілі Нұрлан Жазылбеков.                  

Сондай-ақ, қоғамдық қор өңірлік жастар мәселелерін талдау мақсатында тың  зерттеулерді ұйымдастыру үшін сарапшылар тобын жинап, соның қорытындысымен интерактивті карта әзірлеуді жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы, Баянауылдағы іс-шара барысында өмірдің табысты траек­ториясын құруда, менторинг құрал­дары арқылы жеке даму мен өзін-өзі айқын­дауда жастарға қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндіктері қарастырылды, үздік менторлық тәжірибелерді пайдалану және құру мәселесі талқыланды.

Бұдан бөлек, өңірлерде жастар бойынша бірыңғай ақпарат жинауға және жастар ҮЕҰ арасында кері байланыс беруге мүмкіндік алады

Баянауылдың «Тұма» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Батырбек Арқарбайұлының айтуынша, ауыл жастарын шаруашылықтардағы жұмыспен шектеуге болмайды. Оларға заманауи ғылым-білімнің тетіктерін үйрету қажет. Осындай тренингтерді жиі ұйымдастыру керек.  Менторлық тренингтер-ауыл жастарын кәсіпкерлікке баулуға, осы салада өз орнын табуға  мүмкіндік берді.

Тәжірибелі мамандардан тәлім алған қатысушылар шараның соңғы күнінде арнайы сертификаттармен марапатталып, естелік суретке түсті.

Павлодар облысы

Суретті  түсірген: Ольга Бугаева