Аймақтар • 10 Тамыз, 2019

200 болашақ запастағы офицер жаттығудан оралды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы  С. Торайғыров атындағы университет  әскери кафедрасының студенттері Семейдегі далалық жаттығу жиынына қатысты.

200 болашақ запастағы офицер жаттығудан оралды

Студенттер «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының полигонында жаттықты.

Ал, университеттің әскери кафедрасы запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша әскери даярлау, жұмылдыру резервін қамтамасыз ету мақсатында  мамандықтар дайындайды.

Запастағы офицерлер бағдарламасы әскери даярлауды өтеусіз және өтеулі негізінде жүзеге асырылады.

Әскери кафедрада оқыту теориялық, практикалық оқытудан және оқу-жаттығу жиынынан тұрады.

Кафедраға қабылданған студенттер оқу взводтары бойынша бөлінеді. Оқу взводтарының жеке құрамы мен олардың командирлері студенттер қатарынан әскери кафедра бастығының бұйрығымен тағайындалады.

- Далалық жиын екі апта бойы өтіп,  біз студент жастар әскери өмірдің тәртібіне үйрендік. Жаттығуларда әскери кафедрада алған  білімдерімізді көрсете білдік,-дейді  болашақ офицерлер. 

- Далалық полигонға 191 болашақ офицер жіберілді. Жиындар- студенттердің әскери дайындығының соңғы кезеңі. Олар тәжірибе жүзінде әскери білімдерін шыңдады,-дейді оқу орнының Әскери кафедрасының меңгерушісі, полковник Болат Токин.

Әскери даярлықтан өткен және емтихандарды тапсырған студенттерге «Запастағы лейтенант» әскери атағы және әскери билет беріледі.

Павлодар

Суретті түсірген: Руфина Торпищева